Сарайда есірткі сақтаған ер адам ұсталды

Түркістан облысы Бәйдібек аудандық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында есірткі қылмысына қатысы бар 49 жастағы жергілікті тұрғынды қолға түсірді, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Жедел уәкілдер күдікті ер адамның үйіне тінту жүргізді. Нәтижесінде оның сарайында пакетке және стаканға салынған сондай-ақ газетке оралған өсімдік тектес есірткіге ұқсас затты тауып, тәркіледі.

Сараптамаға сәйкес, алынған есірткі 20 грамға жуық кептірілген марихуана мен сора өсімдігі болып шықты. Қазіргі таңда ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ҚАЗАҚЫ ҮЛГІДЕГІ КИІЗ ҮЙЛЕРМЕН КӨМЕКЕРІЛГЕН ҚОНАҚҮЙ САЛЫНАДЫ

berdaly_oraz

Атырауда ана мен бала арасында инфекция жиілеп кеткен

berdaly_oraz

Түркістан: тұрғын үйлердің құрылыс сапасы қатаң бақылауда