Түркістан облысында құқық қорғау қызметкерлері жасөспірімдермен кездесу ұйымдастырды

Түркістан облысында құқық қорғау қызметкерлері жасөспірімдермен кездесу ұйымдастырып, құқық бұзушылықтың алдын алу тақырыбында әңгіме өрбітті. Бұл шара ҚР Ішкі істер министрі Ержан Саденов 2025 жылды «Профилактика жылы» деп жариялауына орай өткізіліп отыр.

Жергілікті полиция департаменті қоғамдағы қылмыстың алдын алуға бағытталған түрлі іс-шараларды жүйелі түрде жүргізуде. Соның бірі — ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Кәсіптік оқудағы көпсалалы колледж студенттерімен және Ескі Иқан ауылындағы №1 мектептің оқушыларымен өткізген кездесулер.

Аталған іс-шараға оқу орындарының директорлары, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар, психологтар және жастар ісі бойынша мамандар белсенді қатысты. Кездесу аясында оқушылар арасында әлімжеттік, буллинг тақырыбына байланысты сауалнама жүргізіліп, құқық бұзушылыққа бейім жасөспірімдермен жеке түсіндіру жұмыстары өтті.

Полицейлер жастарға құқықтық жауапкершілік, қорқытып алу мен бұзақылықтың салдары туралы түсіндіріп, нақты мысалдар келтіріп, профилактикалық бейнероликтер көрсетті. Мұндай кездесулердің басты мақсаты — құқықбұзушылыққа итермелейтін әрекеттердің алдын алу және жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыру.

Ұқсас жаңалықтар

Әкім Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы елшісімен кездесті

Түркістан облысында нашақорлыққа қарсы күрес айлығы басталды

Сарыағаш: жазғы сауықтыру орталығының жөндеу жұмыстары пысықталды

berdaly_oraz

Пікір жазу