дерекөз фото: Aikyn.kz
Қазақстанда автонесие нарығында баяулау байқалуда. Сарапшылардың мәліметінше, соңғы уақытта көлікті несиеге рәсімдеу көрсеткіші төмендеп, банктер қарыз алушыларға қойылатын талаптарды күшейткен.
Қаржы ұйымдары несие алушылардың төлем қабілетін мұқият тексеріп, табыс деңгейі мен несиелік тарихына ерекше назар аударуда. Соның салдарынан мақұлданатын өтінімдер саны азайып, кейбір азаматтар үшін автонесие алу қиындай түскен.
Мамандар мұндай үрдісті халықтың қарыз жүктемесін бақылау және қаржы нарығындағы тәуекелдерді азайту шараларымен байланыстырады. Сонымен қатар, көлік бағасының өсуі мен несие шарттарының қатаюы да сұраныстың төмендеуіне әсер етіп отыр.
