Ақтөбеде әкімнің қызғалдақпен түскен суреті жұртшылықтың ашуына тиді

Ақтөбе облысында ауыл әкімі Ләззат Бердібаеваның қызғалдақпен түскен фотосы әлеуметтік желіде дау туғызды. Мұғалжар ауданына қарасты Құдайберген Жұбанов ауылдық округінің басшысы дала гүлін ұстап түскен суретін желіге жариялаған.

Тұрғындар бұл әрекетті мемлекеттік қорықтағы өсімдікті жұлумен тең деп қабылдап, билік өкіліне заң алдында жауап беруін талап етті. Қызғалдақтар – сирек кездесетін және қорғалатын өсімдіктер тізіміне кіреді.

Ал әкім өз әрекетін түсіндіріп, гүлді қызы сыйлағанын, әрі демалып жүрген аумақта тыйым салынғаны туралы ескерту белгілері болмағанын айтты.

Облыстық Полиция департаменті әкімнің гүлді өзі жұлып алғанын нақтылайтын айғақтың жоқ екенін хабарлады. Қазір Мұғалжар аудандық полициясы бұл жайтқа байланысты тексеру жүргізіп жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Ақордада UAE SWAT Challenge-2026 жеңімпаздары марапатталды

berdaly_oraz

Шіркейге қарсы дәрілеу жұмыстары жалғасуда

Түркістан: ҚР ғылым жәнк жоғары білім вице-министрі тұрғындармен кездесті