Түркістандық тұрғын автокөліктен магнитафон ұрлап кеткен

Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері автокөліктегі ұрлық қылмысын ашты және күдіктіні ұстады, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Белгілі болғандай, ұрлық нысаны яғни көлік жәбірленуші тұратын үйінің есік алдында тұрған. Яғни жас жігіт түнгі уақытта «ВАЗ 2114» автокөлігін есігін тартып көрген.

Машинаның ашық тұрғанын түсінген ол ойланбастан өзіне пайдалану мақсатында магнитофон мен компьютерді жымқырып кеткен. Жәбірленушіге 250 мың теңге жуық шығын келтірген.

Полиция қызметкерлері қолды болған айғақты заттарды күдіктінің үйінен тәркілеп алды. Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Ұқсас жаңалықтар

Мәлік Отарбаев: «Отбасылық зорлық-зомбылыққа жол жоқ – бұл бәрімізге ортақ міндет»

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1000 АДАМДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТИТЫН ЗАУЫТТЫҢ КАПСУЛАСЫ САЛЫНДЫ

Ертең Өзбекстан президенті Қазақстанға келеді

Альфия Адамбек

Пікір жазу