Күні кеше 1951 жылы туған әйел адам Шымкент қ. Абай ауданы Қайнар бұлақ тұрғын алабынан үйінен белгісіз бағытқа шығып, қайтып оралмаған, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.
Сәтсіз аяқталған өздігінше ұйымдастырылған іздеулерден кейін жақындары таңертең 112 қызметіне жүгінді.
Шақырту орнына құрамында 2 кинологиялық жасағы бар іздестіру тобы шықты. Үш сағаттан кейін жоғалған әйел елді мекеннен 4 шақырым жерде табылды. Кейуана біраз қалжырағанмен, медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.
Шымкент қаласы ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқарушыларының жедел әрі кәсіби түрде әрекет етулерінің нәтижесінде үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмаған 74 жастағы кейуана аман-есен табылып, туыстарына табыс етілген болатын.
Осы оқиға байланысты кейуананың туыстары Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментіне арнайы келіп, Департамент бастығы генерал-майор Қ. Базарбаевқа алғыстарын білдірді.