Түркістан облысының делегациясы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясына қатысты

Кеше Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясы өтті. Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев келелі ойлар қозғап, аймақтардан барған спикерлер де маңызды баяндамалар жасады, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Іс-шараға Түркістан облысының делегациясы да белсенді түрде қатысуда. Делегация құрамында облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев бастаған әкімдік өкілдері, мәслихат депутаттары, облыстық этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы құрылымдардың басшылары және «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық өкілдігінің жетекшісі бар.

Сессия аясында қатысушылар ел бірлігін нығайту, этносаралық келісімді сақтау және Ассамблеяның қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз етудегі маңызын талқылады.

Ұқсас жаңалықтар

«АЛТЫН БЕЛГІГЕ» 200 МИЛЛИОННАН АСТАМ ҚАРЖЫ БӨЛІНДІ

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА «IT JAS IQ» ОБЛЫСТЫҚ РОБОТОТЕХНИКА БАЙҚАУЫ ӨТТІ

berdaly_oraz

Су тасқынына дайындық: Олжас Бектенов Төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық жедел штабтың отырысын өткізді

Redaktor Arysinfo