Келес ауданында дін мен дәстүрді насихаттауға арналған кездесулер өтті

Түркістан облысы Дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Әбухан Нұрдәулет Келес ауданында бірқатар түсіндіру кездесулерін өткізіп, ұлттық құндылықтар мен діни таным тақырыптарын кеңінен талқылады.

Оқу орындары мен мекемелерде өткен кездесулердің басты мақсаты — жастардың діни сауатын арттыру, дәстүр мен дін сабақтастығын насихаттау, рухани тәрбие мен ұлттық болмысты ұштастыру болды.

Өткен кездесулер:

№53 “Құркелес” мектебінде “Дін мен дәстүр” тақырыбында оқушылармен ашық пікірталас өтті.

№54 мектепте “Дін дәстүрден бөлек емес” тақырыбы аясында еркін әңгіме ұйымдастырылды.

“Аяулым” балабақшасында ұлттық құндылықтарды сақтау туралы ұжыммен пікір алмасу жүргізілді.

№1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде “Тән – Алланың аманаты” тақырыбында тәрбиелік кездесу өтті.

Ұлттық спорт клубында “Дәстүрлі ойындар – ұлттығымызды сақтау” тақырыбында терең мазмұнды кездесу ұйымдастырылды.

Аталған іс-шаралар өскелең ұрпақты дәстүрлі рухани құндылықтармен сусындатуға бағытталды.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «ҰЛЫ ДАЛА ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫ ӨТТІ

Redaktor Arysinfo

Түркістанда кеден бекеттеріндегі сыбайлас жемқорлық кедергілерін жою бойынша шаралар қабылдануда

Түркістан: Мүмкіндігі шектеулі азаматтармен ашық кездесу өтті