1 мамырдан бастап ШЫМКЕНТ – МӘСКЕУ бағыты бойынша тұрақты рейс ашылады

Шымкент қаласындағы жаңа халықаралық терминал 1 мамырдан бастап «SCAT» әуекомпаниясының халықаралық бағыттағы тұрақты рейстеріне қызмет көрсете бастайды.

Жаңа рейсті ұйымдастыру аясында бүгін Шымкент қаласының жаңа терминалында халықаралық бағыттар бойынша шекаралық және кедендік бақылау бекеттерінің дайындығы тексерілді. Бұл — терминалдың халықаралық сапарларға толық дайын екендігін көрсетеді.

Сынақ режимінде ұшатын рейстер:

№801 рейс: Шымкент – Мәскеу, ұшып шығу уақыты – 12:00

№802 рейс: Мәскеу – Шымкент, келу уақыты – 21:30

Бұл бағыттың іске қосылуы шетелмен байланыс пен халықаралық қатынастарды дамытуға сеп болмақ.

Ұқсас жаңалықтар

Ұлттық ұлан оркестрі полиция қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

Redaktor Arysinfo

Шымкенттегі «Кәусар» кафесіндегі өрт оқшауланды: штаб құрылып, арнайы техника жұмылдырылды

berdaly_oraz

АРЫС ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУІ МАМЫР АЙЫНА АУЫСТЫРЫЛДЫ

berdaly_oraz