Арыста «Антитеррор-2025» оқу-жаттығуы өтеді: тұрғындардан түсіністік сұралады

2025 жылғы 25 сәуірде Арыс қаласында терроризмге қарсы бағытталған «Арыс-Антитеррор-2025» атты жедел-тактикалық оқу-жаттығу шарасы өтеді. Бұл жаттығу — террорлық қауіп-қатерлердің алдын алу мен оларға жедел әрекет етуге арналған жүйелі дайындықтың бір бөлігі.

Іс-шара барысында Арыс қаласының терроризмге қарсы жедел штабы мен оның құрамындағы жедел топтар террористік актілердің алдын алу, тосқауыл қою және жедел әрекет ету бағытында өздерінің кәсіби машықтарын пысықтайды. Сонымен қатар, жаттығу кезінде төтенше жағдай туындаған жағдайда жедел әрекет етуші күштер мен құралдарды хабарландыру, шоғырландыру және межелі орынға жеткізу тетіктері тексеріледі.

Жаттығу барысында қала аумағында қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, кейбір көшелерде қозғалыс шектелуі мүмкін. Осыған байланысты ұйымдастырушылар қала тұрғындарынан түсіністік танытуды және уақытша келтірілетін қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайтынын мәлімдеді.

Аталған оқу-жаттығу шарасы – тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы маңызды қадамдардың бірі.

Ұқсас жаңалықтар

“Росатом” Қазақстандағы алғашқы АЭС-ті қашан салып бітіреді?

Альфия Адамбек

Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі комиссия маңызды мәселелерді талқылады

Альфия Адамбек

Сарыағашта халықпен кері байланыс күшейді: «Қызмет алушылар күні» өтті

berdaly_oraz