САЙРАМ АУДАНЫНДА ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ БАҒЫТТАЛҒАН СЕНБІЛІК ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында бүгін Сайрам ауданы аумағында орналасқан барлық саябақтарда, аллеяларда және ағаш отырғызылған аумақтарда «Орман өрттерінің алдын алу шаралары туралы» іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында 212 ағаштың қураған бұталары кесіліп, 5,6 гектар аумақтағы арамшөптер орылды. Сонымен қатар, саябақтар мен 26,3 шақырым көше бойы қоқыстан тазартылып, полигонға 8,3 тонна тұрмыстық қалдық шығарылды.

Сенбілікке аудан бойынша 3244 тұрғын қатысып, 27 арнайы техника жұмылдырылды.
Шара барысында тұрғындарға орман және дала өрттерінің алдын алу талаптары түсіндіріліп, өрт кезінде сақталуы тиіс қауіпсіздік ережелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Ұқсас жаңалықтар

Арзан жолдамаға алданғандар: Алматыда туристік агенттік басшылары қамауға алынды

Redaktor Arysinfo

Қала әкімінің кезекті жеке қабылдауы өтті

Redaktor Arysinfo

Ортсайлауком 405 халықаралық байқаушыны қосымша аккредиттеді

Redaktor Arysinfo