27 сәуірге қараған түні Шымкентте жаяу жүргіншілер жолында қайғылы оқиға тіркелді. Оқиға Жиделібайсын және Гагарин көшелерінің қиылысында орын алған.
Куәгерлердің айтуынша, шамамен 50 жастағы азамат мас күйде жаяу жүргіншілерге арналған жолақтан өтіп бара жатқан. Алайда ол бағдаршамның қызыл түсі жанып тұрған кезде, яғни қозғалысқа тыйым салынған уақытта жолды кесіп өткен. Сол сәтте Lexus маркалы көлік жүргізушісі оны байқамай қағып кеткен.
Зардап шеккен азамат түрлі дене жарақатын алып, ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.