Туризм және спорт министрлігі «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілікке қатысты

Туризм және спорт министрлігі «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілікке қатысты,деп хабарлайды Arysinfo.kz .

Қазақстанның экологиялық тазалығын сақтау және қоғамды біріктіру мақсатында өткен жалпыұлттық «Таза Қазақстан» акциясы аясында Туризм және спорт министрлігінің қызметкерлері сенбілікке қатысып, өз үлестерін қосты. Олар белгіленген аумақты арамшөптерден тазартты, сондай-ақ пластик және тұрмыстық қалдықтарды жинады.

Министрлік қызметкерлері сенбілік барысында бірлесіп жұмыс істеп, қоршаған ортаны таза ұстау, табиғатқа қамқорлық көрсету сияқты маңызды міндеттерді атқарды. «Таза Қазақстан» акциясының негізгі мақсаты — тек табиғатты қоқыстан тазарту ғана емес, сондай-ақ қоғамды біртұтас етіп, азаматтық жауапкершілікті арттыру екендігі атап өтілді.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте «Mooni Gold» қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар ұсталды

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ «ЖЫР ЖҮЙРІГІ ЖАРҚЫНБЕК» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ӨТТІ

berdaly_oraz

Түркістан облысында ер адам жалған айғақ бергені үшін сотталды

Альфия Адамбек