Өңір жаңалығы: Қазығұртта 3 мыңға жуық тұрғын сенбілікке қатысты

Қазығұрт ауданында көктемгі көріктендіру және ауылдар мен елді мекендердің аумағындағы тазалықты сақтау аясында ауқымды сенбілік ұйымдастырылды, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Тазалық шарасына аудан мекемелерінің қызметкерлері, ауыл тұрғындары және ерікті жастар белсенді қатысты. Жалпы 3 мыңға жуық азамат туған жердің тазалығы үшін бірлесіп еңбек етті.

Сенбілік барысында ауданның барлық 13 ауылдық округінде көшелер мен саябақтар, арық-атыздар мен қоғамдық орындар ретсіз тасталған қоқыстардан тазартылып, санитарлық жұмыстар жүргізілді. Сонымен қатар ағаштар әктеліп, жасыл желектер күтіп-бапталды, шөптер орылып, гүлзарларға сәндік гүлдер отырғызылды.

Ауылдар мен елді мекендер аумағында жүргізілетін тазалық жұмыстары ауданның экологиялық ахуалын жақсартуға, тұрғындар арасында қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыруға ықпал етеді. Сенбілік жұмыстары алдағы уақытта да жүйелі түрде жүргізілетін болады.

Ұқсас жаңалықтар

Арыс қаласында орналасқан «MEGA AGAT» кәсіпорнында «Өз кәсібіңді аш» экскурсиясы өтті

Альфия Адамбек

Жамбыл облысында 3 қыз газдан уланып мерт болды

Түркістан мектептерінде деструктивті діни ағымдардың алдын алу бойынша кездесулер өтті

berdaly_oraz

Пікір жазу