Өңір тұрғыны барит қазба байлығын заңсыз қазып, тасымалдамақ болған

25 сәуірде Түркістан облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы жергілікті атқарушы және уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, заңсыз жер қойнауын пайдалануды болдырмау, алдын алу мақсатында рейдтік іс-шара жүргізді, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Іс-шара барысында Кентау қаласы, Хантағы ауылында барит қатты қазба байлығын ешқандай рұқсат құжатсыз (лицензия, келісімшарт) екі ауыр жүк көлігіне (екі Өзбекстан Республикасының азаматының басқаруында) артып жатқаны анықталды.

Оқиға орнына мобильді топ және полиция қызметкерлері шақыртылып, заңсыз жер қойнауын пайдалану және шетел азаматтарының заңсыз жұмыс істеу фактілері бойынша процестік шешім қабылдау тапсырылып, бақылауға алынды.

Ұқсас жаңалықтар

Өңірде мемлекеттік тіркеу нөмірін жасырған 25 жүргізуші жауапқа тартылды

«80 мың төлеп,куәлігін сақтап қала алады» Жол апатына кінәлі жүргізушілер үшін жазалар жеңілдетілді

berdaly_oraz

35748 әскери бөлімінің жөндеу ротасы тактикалық-арнайы жаттығу өткізді

Альфия Адамбек

Пікір жазу