Түркістан облысында 28 полицей жазаланды

Түркістан облысында майнинг жабдықтарының жоғалуына байланысты 28 полиция қызметкері жазаланды, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Құны 400 млн теңге тұратын майнинг фермасының жабдықтары жоғалып кеткен. Бұл факті ІІМ тексерісі кезінде анықталды.

Тәртіптік жаза қатардағы тергеушілерден бастап, жоғары шенді офицерлерге дейін қолданылды. Түлкібас аудандық ІІБ бастығы қызметінен кету туралы өтініш жазса, облыстық ПД басшылары мен бөлім жетекшілеріне қатаң сөгіс берілді.

Ұқсас жаңалықтар

Арыс қаласында газдандыру қарқынды жүргізілуде

berdaly_oraz

Түркістандағы азаматтық форумда маңызды мәселелер талқыланды

«Сөздің салмағы артқан күн: Президент журналистерді марапаттады»

Redaktor Arysinfo