Жетісайлық шаруа мемлекеттің қолдауымен миллионер атанды

Ауыл шаруашылығы саласы – аудан экономикасының негізгі драйвері десек қателеспейміз. Өйткені, ол үшін Жетісайда барлық мүмкіндік бар, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Жетісай ауданында ауыл тұрғындарының табысын арттырып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы жобалардың сәтті жүзеге асырылуының нәтижесінде бір алқаптан 2-3 өнім алу жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді.

Жылыжайдың жұмысын жандандырып, табысын арттырып отырған шаруа қожалықтарының бірі – Ж.Ералиев ауылдық округінде орналасқан «Булиш Ата» шаруа қожалығы. Бір жерден жылына 2 өнім алып, 10 млн теңге таза табыс тауып отыр.

2023 жылы «Ауыл аманаты» жобасы аясында мемлекеттен жеңілдетілген 2,5 пайызбен 5,7 млн теңге несие алып, жылыжай салған қожалық төрағасы Бахадур Булишев иелігіндегі 0,14 га жеріне қызанақтың ерте пісетін голландиялық сортын егіп, тамшылатып суғару әдісін қолдануының нәтижесінде 14 тоннаға дейін өнім алуды жоспарлап отыр. Бірінші өнімге қыста еккен 300 мың түп баклажан көшетін өндіріп сатқан.

«Бұған дейін тек көшет өндірумен ғана айналысып, жылыжайды тиімді пайдалана алмаған екенмін. Қазір жылына 2 өнім алуды қолға алдым. Қысымен көшет баптап, ерте көктемде сатамын. Кейін қияр, қызанақ, болгар бұрышы немесе баклажан егемін. Осылайша отбасылық ісімізді дөңгелетіп, табыс тауып отырмыз» дейді Бахадур Булишев.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Шымкентте 3 жасөспірімнің әрекеті поездің кешігуіне себеп болды

Мемлекет басшысы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады

Пікір жазу