Түркістанда этнос жастары арасында «Бірлік» спорттық сайыстары өтті

Түркістандағы «Яссы» спорт кешенінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында және 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай облыстағы этнос өкілдері арасында «Бірлік» спорттық сайыстары ұйымдастырылды.

Достық пен салауатты өмір салтын насихаттаған спорттық дода Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы мен «Қоғамдық келісім» КММ-нің қолдауымен өтті.

Жарысқа 11 команда қатысты. Атап айтқанда, Кентау, Арыс қалалары және Сауран, Сайрам, Түлкібас, Төлеби, Жетісай, Мақтаарал, Келес, Сарыағаш аудандарының этнос жастары мен «Ассамблея жастары» РҚБ Түркістан облысы өкілдігі құрамалары бақ сынады. Жастар шағын футбол, қол күресі, арқан тарту, кір тасын көтеру сияқты спорт түрлерінен сайысты.

Шараның ашылуында Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Нұрсұлтан Сейтжанов пен «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Эльмира Жанғазиева құттықтау сөз сөйлеп, ел бірлігін сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

Қол күресінен Улугбек Нишантаев чемпион атанса, Якуб Эльмаз екінші, Бобиржан Рустамбеков үшінші орынға ие болды. Арқан тартуда «Ассамблея жастары» жеңімпаз атанып, Жетісай ауданы – екінші, Сарыағаш ауданы – үшінші орын алды. Кір тасын көтеруде Мухамадрасул Расулов бірінші орынды жеңіп алды, ал Абдулло Анаркулов екінші, Мухторжан Сайдиганиев үшінші орынға тұрақтады. Шағын футбол жарысында Төлеби ауданының құрамасы топ жарды.

Жарыс жеңімпаздары арнайы марапатталып, қаржылай сыйлықтар мен дипломдарға ие болды.

Ұқсас жаңалықтар

АРЫСТА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

berdaly_oraz

Түркістан облысында күдіктілер қарызынан құтылу үшін мал ұрлаған

ТҮРКІСТАНДА ИНВЕСТОРЛАРМЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БИЗНЕС-ФОРУМ ӨТТІ

berdaly_oraz

Пікір жазу