Президент Тоқаев қай газетті оқитынын айтты

Мерзімді баспасөзді үнемі оқимын. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «QAZAQSTAN» ұлттық телеарнасындағы сұхбатында мәлім етті.

Сұхбат барысында журналист Президенттен күнделікті қандай ақпарат көздеріне сүйенетінін сұрады. Мемлекет басшысы мерзімді баспасөзді үзбей қарайтынын айтып, бұл дағдысының бұрыннан қалыптасқанын жеткізді. «Егемен Қазақстан», «Айқын», «Астана ақшамы», «Ана тілі», «Қазақ әдебиеті», «Жас қазақ», «Түркістан» газеттерін міндетті түрде оқитынын атап өтті.

«Жалпы, мен көп оқитын адаммын. Жақсы мақала немесе сұхбат көрсем, астын сызып оқуға тырысамын. Өзекті мәселе байқасам, оған қатысты нақты тапсырма беремін. Әлеуметтік желідегі өткір жазбаларды да үнемі шолып отырамын. Ал теледидардан жаңалықтар мен сараптамалық бағдарламаларды көремін», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан — субұрқақтар қаласы

Арыс қалалық Кәсіпкерлік бөлімінің басшысы қызметіне Мұхит Әсет Нұржанұлы тағайындалды

berdaly_oraz

Түркістан облысында бюджет кірістері артып келеді

berdaly_oraz