Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне орай еліміздің барлық азаматтарын құттықтап, жүрекжарды лебізін білдірді.

Президент бұл мейрамның еліміз үшін ерекше маңызға ие екенін атап өтіп, Қазақстанда түрлі этностардың өзара татулық пен келісімде өмір сүріп жатқанын айтты. Қоғамдағы ынтымақ пен бірлік – Тәуелсіз Қазақстанның басты тірегі екенін жеткізді.

– Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толып отыр. Бұл бірегей институт ел ішіндегі тұрақтылық пен қоғамдық келісімді нығайтуға елеулі үлес қосып келеді. Халқымыздың ауызбіршілігі мен өзара қолдауының арқасында мемлекетіміз дәйекті даму жолымен алға басып келеді. Біз теңдік, сенім және мәдени әртүрлілікті құрметтеу арқылы ел бірлігін одан әрі бекемдей түсеміз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент өз үндеуінде ел азаматтарын әділетті және қуатты Қазақстанды бірге құруға шақырып, әр отбасыға амандық пен береке тіледі.

– Егер жұрт болып біріге білсек, кез келген қиындықты жеңіп, үлкен жетістіктерге қол жеткіземіз. Бірлігіміз бекем, аспанымыз ашық болсын! – деп түйіндеді Мемлекет басшысы.

Ұқсас жаңалықтар

Сайрам ауданында дүкеннен спорттық киім ұрлаған күдікті қолға түсті

berdaly_oraz

Түркістан облысында Сауран аудандық полиция қызметкерлері пәтер ұрлығына күдікті ер адамды ұстады

berdaly_oraz

Түркістан қаласында биыл 3000-нан аса пәтер пайдалануға беріледі

Пікір жазу