Білім – ел болашағының кепілі: Қазақстан Халық партиясы өзекті мәселелерді талқылады

Сапалы білім беру жүйесін қалыптастыру – елдің ұзақ мерзімді дамуы мен бәсекеге қабілеттілігінің басты негізі. Осы мақсатта Қазақстан Халық партиясы білім саласындағы өзекті мәселелерді талқылап, адам капиталының сапасын арттыруға бағытталған ұсыныстарды ортаға салды.

Кездесуде білім беру сапасын жақсарту, педагогтердің мәртебесін көтеру, оқушылар үшін қолайлы әрі қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру, сондай-ақ білімнің қолжетімділігін арттыру мәселелері кеңінен сөз болды.

Жиынға қатысушылар қазіргі заман талабына сай білім жүйесін дамыту – елдің экономикалық өсімі мен инновациялық әлеуетін нығайтудың негізгі алғышарты екенін атап өтті. Осы бағытта мемлекет, қоғам және білім беру ұйымдарының бірлескен жұмысы маңызды екені айтылды.

Қазақстан Халық партиясы сапалы білімге салынған инвестиция – елдің болашағына салынған инвестиция екенін атап өтіп, білім саласындағы реформаларды қолдау мен өзекті мәселелерді жүйелі түрде шешу қажеттігіне назар аударды.

Ұқсас жаңалықтар

Арыс қаласында жол жөндеу жұмыстары басталды

berdaly_oraz

ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДАҒЫ САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІНІҢ ДАЙЫНДЫҒЫ ТЕКСЕРІЛДІ

Redaktor Arysinfo

Ұстазды ұлықтау сөзден іске қашан көшеді?

Redaktor Arysinfo