Түркістан облысы инвестициялық жобалар бойынша республикада көш бастады

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бұйрығымен инвесторларды қолдау мақсатында «Бір терезе» қағидалары бекітілді, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Осы қағидалар аясында Ұлттық цифрлық инвестициялық платформа жұмыс істеп келеді. Бұл – инвестициялық жобаларды цифрлы ортада тиімді әрі жедел ілгерілетуге арналған бірыңғай жүйе. Қазіргі таңда платформада республика бойынша 1124 инвестициялық жоба тіркелген. Оның ішінде Түркістан облысынан 81 жоба (жалпы сомасы – 1,9 трлн теңге) енгізілген. Бұл көрсеткіш бойынша өңір ел көлемінде бірінші орында тұр.

Аталған мәлімет Өңірлік инвестициялық штабтың кезекті отырысында жария етілді. Жиын барысында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жобалардың сапалы іске асуына назар аударып, тиісті басқармалар мен қала-аудан әкімдеріне нақты тапсырмалар берді.

– Шешімі табылмай жатқан жобаларды штаб отырысына шығарыңыздар. Ашық талқылап, жедел шешім қабылдайық. Инвесторларға қолайлы жағдай жасау – басты міндет. Әрбір жоба жүйелі түрде сүйемелденіп, уақтылы жүзеге асуы тиіс, – деді облыс әкімі.

Кеңес барысында Түркістан қаласындағы дәрумендер мен ББҚ зауыты, битум өндірісі, Қазығұрттағы суару құралдары мен жиһаз өндірісі, Ордабасыдағы трансформатор жөндеу жобалары және Сауран ауданындағы күн электр станциясының құрылысы секілді маңызды бастамалар қаралды. Инвесторлардың өтініштері тыңдалып, нақты тапсырмалар жүктелді.

Айта кетейік, биылғы инвестициялық штаб отырыстарының нәтижесінде 22 хаттамалық тапсырма орындалып, тағы 6 жоба бақылауға алынған.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда «Әлемнің жарығы – ана» мерекелік шарасы өтті

berdaly_oraz

Түркістанда халықаралық бизнес-форум өтті

Альфия Адамбек

Мектеп емтихандарының мерзімі Құрбан айт мерекесіне байланысты өзгеруі мүмкін

berdaly_oraz

Пікір жазу