«Киелі мекен» акциясы аясында ұлттық парктерден 12 тонна қоқыс жиналды

Ақмола, Қарағанды, Павлодар және Ұлытау облыстарында орналасқан ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда (ЕҚТА) «Киелі мекен» экологиялық акциясы өтті, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Шара «Қарқаралы», «Көкшетау», «Баянауыл», «Ұлытау» ұлттық парктерін қамтыды. Парктердің қызметкерлері жергілікті тұрғындар мен еріктілермен бірлесіп 12 тоннадан астам қоқыс жинады. Оның ішінде қыс мезгілінен кейінгі бұталар мен ағаштар, тұрмыстық қалдықтар, жапырақтар мен балшықтар болды. Акцияға 250-ден астам адам қатысқан.

Мұндай бастамалар ЕҚТА-дағы экожүйені сақтап, табиғатты ластанудан қорғауға бағытталған. «Киелі мекен» жобасы елімізде экологиялық мәдениетті дамытуға арналған «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында жүзеге асуда. Негізгі бағыттар — аумақтарды абаттандыру, жасыл белдеулерді кеңейту және халықтың экологиялық санасын арттыру.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында 25 жүргізушінің көлігі айыптұраққа қойылды

berdaly_oraz

Шымкентте 7 балалы әйелдің жұмбақ қазасына қатысты сот үкімі шықты

Альфия Адамбек

Жастар үніне құлақ асқан кездесу

Redaktor Arysinfo