Жастар үніне құлақ асқан кездесу

Түркістан облысында ұйымдастырылған «БІРЛІК ЛАГЕРІ – 2026» жастарды біріктіретін маңызды диалог алаңына айналды. Лагерь аясында облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев этнос жастарымен еркін форматта кездесіп, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Төлеби ауданындағы «Тау Самалы» демалыс аймағында өткен басқосуға «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тимур Жұмырбаев та қатысып, жастармен ашық пікір алмасты. Кездесу барысында өңірдің қоғамдық өмірі, жастар саясаты және этносаралық келісімді нығайту мәселелері кеңінен талқыланды.

Кездесу барысында жастарды қолдауға бағытталған жаңа мүмкіндіктер, әлеуметтік жобалар және бірлік пен татулық құндылықтарын дәріптеудің маңыздылығы сөз болды. Қатысушылар елдің тұрақты дамуы мен қоғамдық келісімнің сақталуында жастардың рөлі ерекше екенін атап өтті.

Сонымен қатар лагерь бағдарламасы аясында ұлттық және зияткерлік спорт түрлерінен өткен жарыстардың жеңімпаздары марапатталды. Садақ ату, асық ату, арқан тарту, шахмат және тоғызқұмалақ сайыстарында топ жарған қатысушылар дипломдар мен қаржылай сертификаттарға ие болды.

«БІРЛІК ЛАГЕРІ – 2026» жастардың демалысын ұйымдастыратын жоба ғана емес, түрлі этнос өкілдерін ортақ мақсатқа жұмылдыратын, көшбасшылық қабілеттерді дамытатын және қоғамдық келісімді нығайтатын маңызды алаң ретінде өз маңызын көрсетіп отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Центр по борьбе с дезинформацией подготовил обзор наиболее распространенных фейков и манипуляций вокруг проекта новой Конституции Республики Казахстан.

Redaktor Arysinfo

Тазалыққа немқұрайды қараған 333 тұрғын жауапқа тартылды

Redaktor Arysinfo

Арыста мемлекеттік қызметшілер арасында қалалық спартакиада өтті