Арыс қаласында «Рухани көшбасшылық: өзіңді табу және дамыту» тақырыбында team building форматта семинар-тренинг өтті

2025 жылдың 5-мамырында Арыс қаласында «Рухани көшбасшылық: өзіңді табу және дамыту» тақырыбында team building форматта семинар-тренинг өткізілді, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Кездесу Арыс қаласының «Руханият орталығы» және «Шаңырақ» жастар мен жас отбасыларды қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.

Іс-шараның негізгі мақсаты- Тимбилдинг (team building) бұл командалық рухты нығайту, бірлесе жұмыс істеу қабілетін арттыру және ұжым мүшелерінің арасындағы сенімді, қарым-қатынасты жақсартуға бағытталған арнайы жаттығулар мен ойындар жиынтығы. Осы әдістерді қолдана отырып, «Team» – топ, команда, «Building» – құру, қалыптастыру. Яғни, «тимбилдинг» — бұл мықты әрі үйлесімді команда құру процесі.

Тимбилдингтің басты мақсаты- жаңадан ашылып Арыс қаласында енді ғана жұмысын бастаған Руханият орталығының қызметкерлерінің команда мүшелерін жақынырақ таныстыру, коммуникацияны жақсарту, қиын жағдайларда біріге шешім табу машығын дамыту, жұмыс орнындағы мотивация мен сенімді арттыру сияқты қасиеттерге баулу болып табылады.

Іс-шараға «Шаңырақ» жастар мен жас отбасыларды қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігі басшысы Байзахова Сабира Мұратқызы және исламтанушы, халықаралық құқық маманы, құқықтану ғылымдарының Рһd докторы Бекбосынов Ермек Төленұлы Арыс қаласының белсенді жастары мен бірқатар азаматтары қатысты.

Сонымен қатар, көшбасшы болу және адам бойындағы рух пен парасаттылық Отанды сүюден басталатынын және ол арқылы жетіскке жете алатыны туралы спикерлер ашық талқылап тұрғындармен сұхбаттасты.

Көшбасшылық қабілетті дамыту үшін мұндай іс-шаралар міндетті түрде қажет. Себебі, қазіргі заманғы әлем барлық салалардағы көшбасшылықты зерттеп келеді.

Көшбасшылықтың ең әйгілі анықтамаларының бірі сонау ХХ ғасырдың өзінде менеджмент саласының белгілі теоретигі – американдық экономист және ғалым Питер Друкер ұсынған болатын:

“Көшбасшылық – адамды шарықтаған ұмтылыстарға көтере білу, оның өнімділігін арттыру, әдеттегі шектеулерден тыс шығуға көмектесу”.

Бұл анықтама әлі күнге дейін өзекті болып қала беруде.

Сонымен қатар, жастардың көшбасшылық қабілетке ұмтылуы қуантатын жағдай. Себебі өңірдің өсуі мен гүлденуі үшін, жетістіктерге жетіп, өзгелерден ерекшеленіп тұру үшін “лидер мамандар” дайындау қажет. Көшбасшы мамандар болашақтың қақпасын өз қолдарымен ашып, даңғыл жол салады.

Ұқсас жаңалықтар

«Оқыған азамат»: Руслан Берденовты атқан күдікті кім?

Түркістан облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл күшейтілді

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН: АРЫС ҚАЛАСЫНДА «АЛТЫН КҮЗ» ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Пікір жазу