Шымкентте қара күш иесі жаңа ұлттық рекорд орнатты

Шымкентте қара күш иесі Артық Досалиев жаңа ұлттық рекорд орнатты. Ол салмағы 120 тонна болатын бес теміржол вагонын орнынан жылжытып, сүйреді. Досалиев 21 метр 40 сантиметр қашықтықты еңсерді, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Оқиғаны көрермендер мен Қазақстан рекордтар кітабының өкілі бақылады. Нәтиже ресми түрде тіркелгеннен кейін, Артық Досалиев бұл жетістікке ұзақ дайындалғанын және психологиялық тұрғыда да көп еңбектенгенін мойындады.

Артық Досалиев пауэрлифтингтен спорт шебері, бес дүркін әлем чемпионы, екі мәрте Еуропа чемпионы, Азияның сегіз дүркін жеңімпазы. Өзінің бұл жетістігін спортшы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арнады.

«Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында осындай рекорд орнатып, батыр ата-бабаларымыздың рухына құрмет көрсетуді жөн санадым. Бүгінгі рекордымды соларға арнаймын. Келесі жылы, Жеңіс күніне орай, 6, 7, 10, тіпті 20 вагон тартуға ниеттімін», – деді Артық Досалиев.

«Рекордтың «таза» болуы үшін алдын ала жолды тексердік. Ол қатаң түрде горизонталь болуын қамтамасыз еттік. Кейін Артық Досалиев сүйреген қашықтықты өлшедік. Мұнда болған барлық адам – куәгер. Қазақстанда бұған дейін мұндай рекорд тіркелген емес», – деп мәлімдеді Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілі Бахытжан Тастүлеков.

Ұқсас жаңалықтар

АУДАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ҮЙІ ШӘКІРТТЕРІ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУДА ҮЗДІК НӘТИЖЕ КӨРСЕТТІ

berdaly_oraz

Түлкібастық мектеп түлектері мұқтаж отбасыға баспана сыйлады

berdaly_oraz

Түркістан көшелеріне жаңа автобустар шықты

berdaly_oraz