АУДАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ҮЙІ ШӘКІРТТЕРІ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУДА ҮЗДІК НӘТИЖЕ КӨРСЕТТІ

Дереккөз, фото: Төлеби ауд әкімдігі

Түркістан облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығы ұйымдастырған «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» атты инновациялық идеялар байқауында аудандық оқушылар үйінің шәкірттері жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

Байқау барысында жас өнертапқыштар өздерінің шығармашылық қабілеттерін, техникалық ойлау деңгейін және тәжірибелік дағдыларын көрсетті. Нәтижесінде қатысушылар түрлі бағыттар бойынша жүлделі орындарға ие болды.

Атап айтқанда, «Әуе және кеме модельдеу» үйірмесінің оқушылары бірнеше номинацияда І дәрежелі дипломдармен марапатталды. №16 жалпы білім беретін мектептің 8-сынып оқушысы Тулапбеков Умиджан «Кеме модельдері» (Ф-2-А) бағыты бойынша І орынды иеленді. Осы мектептің 10-сынып оқушысы Тулапбеков Элярбек «Кеме модельдері» (FSR-Eco Mini Expert) және «Ғарыштық және аэроғарыштық инновациялар» бағыттары бойынша І дәрежелі дипломдарға қол жеткізді.

Сонымен қатар, №15 М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектептің 6-сынып оқушысы Абдумалик Сұлтанмахмут «Су көлігі және экологиялық технологиялар» саласы бойынша техникалық құрастыру номинациясында І дәрежелі дипломмен марапатталды. Ал №4 Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектептің 11-сынып оқушысы Хасан Ескендір «Ғарыштық және аэроғарыштық инновациялар» және «Кеме модельдері» бағыттары бойынша үздік атанды.

Бұл жетістіктер оқушылардың білімге деген ынтасын, шығармашылық ізденісін және техникалық бағыттағы қызығушылығын көрсетеді. Сонымен қатар, олардың табысты өнер көрсетуіне жетекшілерінің кәсіби шеберлігі мен жүйелі жұмысы үлкен ықпал етті.

Ұқсас жаңалықтар

Арыста Наурыз мейрамы кең көлемде тойланады

berdaly_oraz

073/е медициналық анықтамасы енді eGov Mobile-да қолжетімді

berdaly_oraz

Түркістан облысында терроризмге қарсы комиссияның кезекті отырысы өтті