Түркістан: шалғайдағы елді мекен табиғи газбен қамтылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында ауылдық елді мекендерді дамыту, тұрғындардың өмір сапасын жақсарту бойынша берілген тапсырмасына сәйкес Сарыағаш ауданында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Бүгін ауданға қарасты Жылға  ауылдық округіндегі Шеңгелді елді мекені табиғи газға қосылды, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Аудан әкімі Арман Абдуллаев Шеңгелді елді мекеніне арнайы барып, ауыл тұрғындарымен кездесті. Халықты қуанышты сәтпен құттықтап, шалғай ауылдардың инфрақұрылымын жақсарту бағытындағы жұмыстар жалғасатынын жеткізді. Ауыл тұрғындары аудан басшысына өз ризашылығын білдірді.

Аталған елді мекендегі тұрғын  үйлерді  көгілдір отынға  қосу үшін бюджеттен қаржы қаралған. Құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп, газ құбырлары  тартылды. Бүгінде елді мекендегі 300-ден астам  отбасы  және әлеуметтік нысандар «көгілдір отынмен» қамтылды.

Айта кетейік, Сарыағаш ауданына  қарасты елді мекендерді ауыз сумен, табиғи газбен қамту жұмыстары кезең-кезеңімен атқарылуда. Қазіргі таңда аудандағы 63 елді мекеннің 52 елді мекені табиғи газбен, 49 елді мекені ауыз сумен қамтылған.

Ұқсас жаңалықтар

Ертең Түркістан төрінде президент Тоқаев пен Бердімұхамедов маңызды кездесу өткізеді

berdaly_oraz

Мақтааралда «Египетке жұмысқа орналастырамын» деп алдап, миллион теңге жымқырған күдікті ұсталды

berdaly_oraz

Асанада лифтіде жарақат алған 5 жасар бала ауруханадан шығарылатын болды

berdaly_oraz

Пікір жазу