САРЫАҒАШТА ӨНДІРІСТІК ПАРК ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

Түркістан облысында өңір әкімі Нұралхан Көшеров тапсырмасына сәйкес барлық аудан мен қалада өндірістік парктер бой көтеруде. Негізгі мақсат – жаңа жұмыс орындарын ашып, кәсіпкерлікті дамыту. Бұл бағыттағы жұмыстар Сарыағаш ауданында да жүйелі жүзеге асырылып жатыр.

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев өндірістік парк аумағындағы құрылыс барысымен танысып, инвесторлар және мердігерлермен кездесті. Қазіргі таңда нысандарда сыртқы әрлеу, қаптау және инфрақұрылым тарту жұмыстары жүргізілуде.

Айта кетейік, облыста арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарда жалпы миллиардтаған теңгенің инвестициялық жобалары іске асырылып жатыр. Сонымен қатар 25 шағын өндірістік алаң құрылып, нәтижесінде 5 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.

Ұқсас жаңалықтар

«Ауыз су, жол, жарық»: Монтайтас ауылдық округінде нақты нәтижелер бар

berdaly_oraz

Облыста тағылымы мол кештер жиі ұйымдастырылып тұрады

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАЛАРЫ КҮРТ ӨСІП ОТЫР

Redaktor Arysinfo