Түркістан облысының әкімі ҰОС ардагерін арнайы барып құттықтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Ордабасы ауданында тұратын 101 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері Қалмен Мұратовтың үйіне барып, мерекемен құттықтады. Ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын және «Жеңістің 80 жылдығы» мерейтойлық медалін табыстады.

Әңгіме барысында өңір басшысы ардагерлердің ерлігі мен еңбегі ұмытылмайтынын атап өтіп, ұзақ ғұмыр тілеп, сый-сыяпат жасады. Қалмен Мұратов 1942 жылы майданға аттанып, Беларусь майданында шайқасқан. Еңбек жолында колхозда бригадир, кейін теміржолда қызмет атқарған. Қазір ардагер 31 немере мен 34 шөбере сүйіп отыр.

Жеңістің 80 жылдығына орай Түркістан облысындағы 8 ардагерге 5 млн теңгеден берілсе, тыл еңбеккерлері мен басқа санаттағы азаматтарға 50–100 мың теңге көлемінде көмек көрсетілді. Барлығы 3 017 адам біржолғы әлеуметтік көмекпен қамтылды.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда ерекше жандарға қамқорлық күшейді: нақты нәтижелер мен жаңа мүмкіндіктер

berdaly_oraz

Жетісайда шетелдік инвесторлар агроөнеркәсіптік өндірісті кеңейтуде

berdaly_oraz

КӨПТЕН КҮТКЕН ПРОБЛЕМА ШЕШІМІН ТАПТЫ

berdaly_oraz