Арыста Жеңіс рухы жаңғырып, тарихқа тағзым жасалды

Арыс қаласында 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған салтанатты шара жоғары деңгейде өтті. Қалалық орталық стадионда ұйымдастырылған «Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі!» атты мерекелік жиынға қала әкімі Қайсар Маңқараев, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері мен жастар қатысты.

Іс-шара Мемлекеттік Әнұранмен ашылып, қала басшысы тұрғындарды мерекемен құттықтап, Жеңістің ел тарихындағы маңызына тоқталды. Қайсар Маңқараев ардагерлердің ерлігі мен тыл еңбеккерлерінің жанқиярлық еңбегін ерекше атап өтті.

— Бұл күн — бейбіт өмірдің бағасын ұғындыратын, ерліктің мәңгілік символы. Жеңіске үлес қосқан барша қаһармандарға тағзым етеміз, — деді қала әкімі.

Салтанатты жиын барысында жастар мен оқушылардың саптық шеруі ұйымдастырылып, әскери тәртіп пен патриоттық рух паш етілді. Одан бөлек, мәдениет үйі мен мектеп оқушылары дайындаған театрландырылған көріністер көрермен көңілінен шықты. Әсіресе, «Әлия» әнінің орындалуы көпшіліктің жүрегін тербеді.

Жиын соңында жиналған жұрт майдангерлер рухына тағзым етіп, ардагерлерге құрмет көрсетті. Бұл шара – ел тарихын ұлықтап, жас ұрпаққа отансүйгіштік рухын сіңіруге бағытталды.

Ұқсас жаңалықтар

Экологтар биылғы жаздан қауіптеніп отыр

Шымкентте 120 тұрғын үй мен кәсіпорын көгілдір отынсыз қалды

ТҮРКІСТАН: АРЫС ҚАЛАСЫНДА 50 МЫҢ БАСҚА АРНАЛҒАН ІРІ ҚАРАНЫ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢЫ САЛЫНУДА

Пікір жазу