Арыста Ұлы Отан соғыс ардагері Сайлаубек Сарыпбекті еске алуға арналған ардагерлер турнирі өтті

Арыста Ұлы Отан соғыс ардагері Сайлаубек Сарыпбекті еске алуға арналған ардагерлер турнирі өтті,деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Арыс қаласында Еңбек және Ұлы Отан соғысының ардагері Сайлаубек Сарыпбекті еске алуға арналған футбол турнирі ұйымдастырылды. Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған бұл шара — ардагерге құрмет пен ұрпақ сабақтастығының айқын көрінісі болды.

Салтанатты ашылу рәсіміне Арыс қаласы әкімінің орынбасары Алмаз Сұлтанов пен «AMANAT» партиясының қалалық филиал төрағасы Бақтығали Ділдәбеков қатысып, турнирдің тәрбиелік маңызына тоқталды. Олар жастарға өткенді ұлықтау мен салауатты өмір салтын насихаттауда мұндай шаралардың үлгі болатынын атап өтті.

Турнирді ардагердің ұрпағы, қоғам белсендісі Сейсенбек Сарыпбеков ұйымдастырды. Жарысқа Арыс пен көршілес аудандардан келген 9 ардагерлер командасы қатысып, әр матч достық пен ерліктің үлгісіне айналды.

Жарыс нәтижесі:

  • 1-орын — SGM-Арыс (Арыс қаласы)
  • 2-орын — Жігер командасы
  • 3-орын — Қыран (Ордабасы ауданы)
  • 4-орын — Білім (Арыс қаласы)

Жеңімпаздарға кубоктар, медальдар мен алғыс хаттар, сондай-ақ бағалы сыйлықтар табысталды.

Турнир — ардагер Сайлаубек Сарыпбектің рухына тағзым етіп қана қоймай, жас буынға патриоттық тәрбие берудің жарқын үлгісіне айналды.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте алаяқтар зейнеткердің 46 млн теңгесін қолды қылған

Түркістан облысында полицей қыз-келіншектер марапатталды

berdaly_oraz

Сайрам ауданында дүкеннен спорттық киім ұрлаған күдікті қолға түсті

berdaly_oraz

Пікір жазу