Түркістандық спортшылар Азия чемпионатынан 7 медаль жеңіп алды

 

Қытайдың Нанчанг қаласында байдарка мен каноэда ескек есуден өткен Азия чемпионатында Түркістан облысының спортшылары ұлттық құрама сапында ерекше нәтижемен көзге түсті. Құрлықтық бәсекеде Азияның 20 елінен келген 244 спортшы бақ сынаған.

Аталған чемпионат алғаш рет Халықаралық ескек есу федерациясының әлемдік рейтингіне енгізіліп отыр. Бұл – жарыстың деңгейі мен беделін арттыратын маңызды оқиға.

Түркістан облысының өрендері жарыстан 7 жүлде еншіледі:

  • 3 алтын
  • 2 күміс
  • 2 қола

Жүлдегерлер тізімі:

  • Ольга Шмелева – алтын, байдарка (екі адамдық), 500 м
  • Ольга Шмелева – Артем Терещенко – алтын, байдарка (микс), 500 м
  • Ольга Шмелева – алтын, байдарка (төрт адамдық), 500 м
  • Полат Туребеков – күміс, каноэ (екі адамдық), 500 м
  • Бекарыс Раматула – күміс, байдарка (жекелей), 500 м
  • Ольга Шмелева – қола, байдарка (төрт адамдық, микс), 500 м
  • Ольга Шмелева – қола, байдарка (жекелей), 200 м

Спортшылар жарысқа жоғары дайындықпен келгенін дәлелдеп, бапкерлер сенімін толық ақтады.

Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы және Түркістан облысы мен Шымкент қаласы ескек есу және желкенді спорт қауымдастығының төрағасы Денис Жарменов бұл нәтижені Азия ойындары алдындағы маңызды кезең деп бағалады. Оның айтуынша, 2026 жылғы Жазғы Азия ойындарында Түркістан спортшыларының жеңіске жету мүмкіндігі өте жоғары.

 

Ұқсас жаңалықтар

Премьер-Министр: Қолөнер мен әдет-ғұрыптарды сақтауды «Үздік тәжірибелер» тізімдеріне енгізу қажет

Мектеп асханаларында фастфуд пен кофеге тыйым салынды: жаңа тамақтану стандарттары енгізіледі

berdaly_oraz

Алматы әуежайында ерлік жасаған азамат марапатталады

berdaly_oraz

Пікір жазу