Түркістан облысында полицейлер толғағы қысқан әйелді дер кезінде перзентханаға жеткізді

Түркістан облысында полицейлер толғағы қысқан әйелді дер кезінде перзентханаға жеткізді,-деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Түркістан облысының полицейлері шұғыл әрекет етіп, толғағы келген әйелді дер кезінде перзентханаға жеткізу арқылы үлкен алғысқа бөленді.

Алматы — Ташкент — Термез тасжолында қызметте болған полиция батальонының қызметкерлері Мақсат Шорманов пен Бақыт Оразбаевқа Шымкент бағытына қарай бет алған көліктің жүргізушісі көмек сұрап жүгінген. Оның айтуынша, көлікте отырған келіншегінің жағдайы ауырлап, шұғыл медициналық көмек қажет болған.

Полицейлер азаматтың жағдайына бейжай қарамай, оны ілесіп жүру арқылы жол қозғалысын жеңілдетіп, уақыт ұттырмай перзентханаға жеткізуге көмектесті. Соның арқасында жүкті әйел дер кезінде медициналық көмек алып, қыз бала дүниеге келді.

Күйеуі полиция қызметкерлеріне шынайы ризашылығын білдіріп, үлкен алғыс айтты.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: АРЫСТА ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

berdaly_oraz

ОРДАБАСЫ: БАДАМ АУЫЛЫНДА ЕСЕПТІ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘМЕЛЕТ ЖАСҚА ТОЛҒАН АЗАМАТТАР РЕФЕРЕНДУМДА ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ

berdaly_oraz