ТҮРКІСТАН: АРЫСТА ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Дереккөз, фото: Түркістан обл әкімдігі

Жеңіс күні мерекесіне орай Арыс қаласында Ұлы Отан соғысы жылдары тылда еңбек еткен ардагерлерге құрмет көрсетілді. Қала әкімі Қайсар Маңқараев, қалалық мәслихат төрағасы Қайрат Ахметов және Арыс ауданының прокуроры Алмас Арыстанбеков тыл ардагерлері Анна Субботина, Көлбай Сүгіров пен Оралбек Алдабергеновтың шаңырақтарына барып, мерекемен құттықтады.

Кездесу барысында ардагерлер сұрапыл соғыс жылдарындағы еңбек жолдарын еске алып, сол кезеңнің ауыртпалығы туралы әңгімеледі. Олардың айтуынша, елдегі азаматтардың басым бөлігі майданға аттанған шақта жасөспірім балалар мен әйелдер ауыл шаруашылығы мен теміржол саласындағы ауыр жұмыстарды атқаруға мәжбүр болған.

Қала әкімі тыл ардагерлерін 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Жеңіс күні мерекелерімен құттықтап, сый-сияпаттар табыстады. Ардагерлерге құрмет ретінде зерлі шапан жабылып, анаға камзол мен ақ орамал сыйға берілді.

Сонымен қатар, қонақтар еңбек ардагерлеріне жеміс-жидек пен көкөніс себеттерін тарту етті. Ақжарқын жүздесу барысында ардагерлер ел амандығын тілеп, ақ баталарын берді.

Ұқсас жаңалықтар

Нұралхан Көшеров шетелдік инвесторларға Түркістанның мәдени мұрасын таныстырды

berdaly_oraz

Ордабасы – өндіріс пен инвестицияның жаңа нүктесі

Альфия Адамбек

ЖАЙЫЛЫМ ҰЛҒАЙЫП, МАЛ АЗЫҒЫ ӨНДІРІСІ АРТТЫ — ТҮРКІСТАНДАҒЫ ЖАҢА СЕРПІН