Арыста шіркейге қарсы күрес қарқын алды

Арыс қаласында көктем басталғалы бері шіркейге қарсы дезинсекциялық жұмыстар жүйелі түрде атқарылуда. Биыл бұл шаралар наурыз айында басталып, шілде айына дейін жалғасады.

Қалаға қарасты елді мекендер үш секторға бөлініп, әрқайсысында нақты жоспар негізінде жұмыстар ұйымдастырылған. №7 секторға Байтоғай, Қожатоғай, Шөгірлі және Ақын-Жақып елді мекендері, №8 секторға Байырқұм, Көкжиде, Жиделі, ал №9 секторға Аққала мен Жосалы кіреді.

Ғылыми топтың қорытындысына сүйене отырып, дезинсекция жұмыстары екі әдіспен жүзеге асырылуда: дернәсілдерге қарсы су қоймаларына биологиялық препараттар жіберілсе, шіркей шоғырлануы мүмкін аумақтарда — су қорғау аймақтары, жағалаудағы ағаштар, елді мекендердің маңы — химиялық әдіспен залалсыздандырылуда.

Әр секторда 2 дезинсекциялық техника, 5 дезинфектор және 1 ғылыми сүйемелдеуші маман жұмылдырылып, күнделікті бақылау жұмыстары жүргізілуде.

Ұқсас жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТТІҢ КЕҢЕСШІСІ ТҮРКІСТАНДЫҚ ДІН ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

berdaly_oraz

ҚАЗЫҒҰРТ: ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНЫП, НАҚТЫ ШЕШІМДЕР ҚАБЫЛДАНДЫ

berdaly_oraz

Заң мен Тәртіп» – жаңа Конституцияның негізгі қағидаты: Олжас Бектенов құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ВАК отырысын өткізді