Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жер сілкінісі болды

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жер сілкінісі болды,-деп хабарлайды Arysinfo.kz.

24 наурызда Астана уақытымен 11:17-де сейсмологтар Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жер сілкінісін тіркеді. Бұл туралы Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы хабарлады.

Орталықтың мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 207 шақырым жерде орналасқан. Жер асты дүмпулері Қазақстан аумағында сезілген жоқ.

Қазіргі уақытта зардап шеккендер немесе қирандылар туралы ақпарат түскен жоқ. Мамандар жағдайды бақылауда ұстап отыр.

Қазақстан Орталық Азиядағы сейсмикалық белсенді аймақтардың бірі болып саналады. Әсіресе, Алматы маңы мен таулы аймақтарда жер сілкіністері жиі тіркеледі. Ғалымдар халыққа сақтық шараларын ұстануды және жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік ережелерін білуді ұсынады.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда жұмыссыз жастарды зауыттарға апарып, тұрақты жұмыспен қамту күшейтілді

Redaktor Arysinfo

ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ І СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Redaktor Arysinfo

Туризм және спорт министрлігі «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілікке қатысты

berdaly_oraz