Шымкентте лифт қауіпсіздігін сақтамаған «Royal Plaza» орталығының иесіне айыппұл салынды

Шымкентте лифт қауіпсіздігін сақтамаған «Royal Plaza» орталығының иесіне айыппұл салынды,-деп жазады Arysinfo.kz.

Шымкент қаласының орта сапасы және бақылау басқармасы «Royal Plaza» ойын-сауық орталығындағы лифт пен эскалатор қауіпсіздігіне тексеру жүргізіп, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының бұзылғанын анықтады.

Тексеру тұрғынның шағымы негізінде басталған. Нәтижесінде, жүк көтергіш механизмдерді пайдалануда заңнама талаптары сақталмағаны белгілі болды. Осыған байланысты меншік иесі ҚР ӘҚБтК 298-бабы 1-тармағына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылып, бұзушылықты жою жөнінде нұсқама берілді.

Заң бойынша қауіпті техникалық құрылғыларды пайдалануға беру үшін мемлекеттік инспектордың қатысуымен сынақтар өткізіліп, құрылғылар есепке қойылуы тиіс. Бұл талаптарды орындамаған тұлғалар әкімшілік жауапқа тартылады.

Ұқсас жаңалықтар

Мамыр айынан бастап жедел жәрдем қызметінің жұмыс тәртібі өзгереді

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҚТА КЛАСТЕРІ ДАМЫП КЕЛЕДІ

berdaly_oraz

Арыстағы әскери бөлімшеде оқушыларға арналған ашық есік күні өтті