Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам шағын құрамда келіссөз өткізді

Астанада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Лам арасында шағын құрамда келіссөздер өтті. Мемлекет басшысы бұл сапарды екі ел арасындағы достықтың символы деп бағалады.

– Вьетнам – Қазақстанның Азиядағы маңызды серіктесі. Біз ортақ мақсаттарға жету жолында бірлесіп әрекет етуге дайынбыз. Алдағы айда дипломатиялық қарым-қатынасымыздың орнағанына 33 жыл толады, – деді Президент.

То Лам қазақ елінде көрсетілген қонақжайлылық үшін ризашылық білдіріп, келіссөздер екіжақты байланысты одан әрі нығайтатынына сенім білдірді.

– Сіздің Вьетнамға жасаған сапарыңыздан кейін біздің елдің Қазақстанға арнайы келуі – мемлекеттеріміз арасындағы сенім мен серіктестіктің нақты көрсеткіші. Қазақстан – Вьетнамның Орталық Азиядағы алғашқы стратегиялық серіктесі болады, – деді То Лам.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда ерекше жандарға қамқорлық күшейді: нақты нәтижелер мен жаңа мүмкіндіктер

berdaly_oraz

Шардара су қоймасын қорғау шаралары нәтижесінде 20-дан астам құқық бұзушы анықталды

АҚШ–Иран мәмілесі мұнай нарығын өзгертті

Redaktor Arysinfo