Әлеуметтік осал топтарға жалдамалы тұрғын үй арзандайды

2024 жылғы 24 мамырдан бастап Қазақстанда жалдамалы тұрғын үйге субсидия беру тәртібі өзгеріп, әлеуметтік осал санаттағы азаматтар үшін қолжетімді бола түспек. Жаңа қағидалар Индустрия және құрылыс министрінің міндетін атқарушының бұйрығымен бекітілді.

Енді мемлекет жеке тұрғын үй қорындағы пәтерді жалдауға кеткен шығынның 50%-ын өтейді, қалғанын азаматтың өзі төлейді.

Субсидия алуға үміткерлер:

  • I және II топтағы мүгедектігі бар азаматтар;
  • мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар;
  • 29 жасқа дейінгі жетімдер;
  • көп балалы аналар (орден иегерлері);
  • көп балалы отбасылар.

Негізгі талаптар:

  • өтініш беруші отбасы тұрғын үйге мұқтаж ретінде ресми тіркелуі тиіс;
  • отбасының жан басына шаққандағы табысы айына 46 228 теңгеден аспауы қажет.

Субсидия қолданылатын тұрғын үй көлемі:

  • 3 адамға дейін — 40 м²-қа дейін;
  • 4–5 адам — 60 м²-қа дейін;
  • 6 және одан көп адам — 80 м²-қа дейін.

Субсидия берілмейді:

  • туыстардан немесе бұрынғы жұбайлардан жалға алынған пәтерлерге;
  • мемлекеттік тұрғын үйлерге;
  • жалған жалдау шарттары бойынша.

Өтінім беру тәртібі:
Субсидияға өтініштер цифрлық платформа арқылы қабылданады, төлемдер арнайы шотқа түседі. Бүкіл үдеріс жергілікті әкімдік тарапынан қадағаланады.

Ұқсас жаңалықтар

Арыстық спортшылар Ташкенттегі Әлем кубогында бір алтын,қола және екі күміспен оралды

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН: МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

berdaly_oraz

Түркістан облысында әкімдердің жұмысын бағалайтын рейтинг жүйесі енгізілді

berdaly_oraz

Пікір жазу