Дереккөз, фото: Түркістан обл әкімдігі
Түркістан облысының Сарыағаш ауданында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай «Спорт – денсаулық кепілі!» ұранымен аудандық бұқаралық марафон ұйымдастырылды.
Ауқымды спорттық шараға 300-ден астам аудан тұрғыны қатысып, салауатты өмір салтын насихаттауға белсенді үлес қосты. Марафон республика көлемінде өткен бастама аясында аудан тұрғындары мен түрлі қоғамдық ұйым өкілдерін ортақ мақсатқа жұмылдырды.
Жүгіру бағыты Сарыағаш қаласының Самал мөлтек ауданы аумағында өтіп, жалпы қашықтығы 4 шақырымды құрады.
Іс-шараға спортсүйер азаматтар, белсенді жастар және әртүрлі жас санатындағы тұрғындар қатысты. Марафонға 18 жастан 60 жасқа дейінгі қатысушылар қамтылып, бұқаралық спортты дамытуға кең мүмкіндік жасалды.
Шара барысында аудан әкімінің орынбасары Алдияр Қозыбаев қатысушыларға сәттілік тілеп, жарысты ресми түрде ашып берді.
