Облыста жыл басынан бері 11,3 мың гектарға су үнемдеу технологиясы ендірілді

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасымен өңірдің даму жоспарындағы индикаторлық көрсеткіштер әзірленіп, бекітілген, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Аудан және қала әкімдіктері мен жауапты басқармаларға бекітілген көрсеткішерді тұрақты бақылауда ұстап, орындалуын қамтамасыз ету жүктелген. Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков жетекшілік ететін салалары бойынша индикаторлық көрсеткіштердің орындалуын саралап, аудан-қала әкімдері орынбасарларының қатысуымен мәжіліс өткізді. Онда осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстардың барысы баяндалды.

«Жол картасына» сәйкес, 2025 жылы ауыл шаруашылығы саласында 29 жобаны іске асыру жоспарланған. 4 айдың қорытындысымен Шардара ауданында 2 инвестициялық жоба, Байдібек аудында 1 жоба және Жетісай ауданында 1 жоба іске асқан. Ауыл шаруашылығы негізгі капиталына және тамақ өнімдерінің негізгі капиталына инвестиция тарту жұмыстары Отырар, Қазығұрт, Ордабасы аудандары мен Кентау және Арыс қалаларында кенжелеп тұрғаны айтылды.   

Еліміздегі ең алғаш су үнемдеу технологиясын шығаратын зауыт Түркістан облысында ашылды. Түркістан облысында су үнемдеу технологиясын ендіру жыл басынан бері 11,3 мың гектарды құрады.  Сондай-ақ, биыл 4,5 мың гектарды жаңбырлатып суғару әдісіне көшіру жоспарланып отыр. Бұл әдістің экономикалық тиімділігі – ағын су шығынын 2 есеге кемітіп, өнімділікті 2-3 есеге арттырады. Сонымен қатар су үнемдеу технологиясы жұмыс күшінің үлесін азайтады. Нұрбол Тұрашбеков бұл бағыттағы жұмысты ширатуды, көзделген межені бағындыруға күш салуды тапсырды.

Жер қатынастары басқарма басшылығы жайылымдарды басқару және оларды пайдалану бойынша түзілген жоспардың орындалуын баяндап, атқарылған жұмыстарға тоқталды. Қазіргі таңда Созақ, Келес аудандары мен Арыс қаласында жоспар жүзеге асқан. Өзге аудан-қалаларда жұмыс жалғасуда.

Ветеринария саласынадғы жұмыстар баяндалды. Мәжіліс барысында Мақтаарал және Ордабасы ауданы әкімдерінің орынбасарларына «Беккари» шұңқыры мен мал шомылдыратын орын құрылыстарының 1-шілдеге дейін аяқталуын қадағалау тапсырылды.

Ұқсас жаңалықтар

Вице-министр жұмыс сапарымен Түркістан облысына келді

Мәлік Отарбаев: «Отбасылық зорлық-зомбылыққа жол жоқ – бұл бәрімізге ортақ міндет»

berdaly_oraz

Бекзат Саттарханов туралы «Жарқ етіп сөнген 20 жас» кітабының тұсаукесері өтті

Пікір жазу