Нұралхан Көшеров Түрікменстан делегациясымен кездесті

Түркістан қаласында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Түрікменстан Президенті жанындағы Арқадаг қаласының Құрылыс жөніндегі Мемлекеттік Комитетінің төрағасы Дерьягельды Оразов, сондай-ақ Түрікменстанның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Батыр Реджепов бастаған делегациямен кездесті.

Кездесуде Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту және екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды. Тараптар сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық, білім беру және тәжірибе алмасу салаларындағы ынтымақтастықты тереңдету жолдарын сөз етті.

Облыс әкімі шетелдік инвесторларға Түркістандағы Индустриалды Аймақтар мен Шағын Өнеркәсіптік Парктерде жеңілдетілген шарттармен жұмыс істеу мүмкіндігі туралы толық ақпарат берді. Сондай-ақ, «TURAN» Арнайы Экономикалық Аймағы аясында инвесторлар салық және кедендік төлемдерден босатылатынын атап өтті.

Кездесу қорытындысында тараптар жаңа жобаларды іске асыруға дайын екендіктерін білдіріп, екі ел арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуге уағдаласты. Өткен жылы Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы тауар айналымы 26,5 млн АҚШ долларын құрады.

Ұқсас жаңалықтар

САЙРАМДА «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

berdaly_oraz

Астанада салынатын LRT вагондары Қытайда жасалып жатыр

berdaly_oraz

Түркістан облысы инвестиция тартуда айтарлықтай жетістікке жетті

berdaly_oraz

Пікір жазу