Жарнама бейнеролигін түсірмек болып автокөлігінің әйнегін сындырғаны үшін айыппұл арқалады

Шымкент қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында О.А.-ға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің  434-бабының 1-бөлігімен әкімшілік іс қаралды, деп хабарлайды Arysinfo.kz. 
 
2025 жылғы 3 мамырда Шымкент қаласы 4 шағынауданында жарнама бейнеролигін түсіру үшін К5 маркалы авто көлігінің алдыңғы әйнегін сындырып, қоғамдық орында айналадағы адамдарға сыйламаушылық көрсеткені анықталды.
 
Сотта О.А., өзінің кінәсін мойындап, өкінетінін айтып, соттан қатаң жаза қолданбауын сұрады.
 
ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінің санкциясында айыппұл немесе әкімшілік қамаққа алу түріндегі жазалар көзделген. Сот, О.А.-ның жауаптылығын жеңілдететін мән-жайлар ретінде, оның кінәсін мойындағанын, өкінгенін, ал жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар анықталмағанын ескерді.
Сот, О.А.-ны ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, оған жаза ретінде 78 640 теңге айыппұл жазасын белгіледі.

Ұқсас жаңалықтар

Шерзаттың өліміне қатысты іс: күдіктілер өз кінәсін мойындаудан бас тартуда

berdaly_oraz

Әскери қызметкерлерге «кредиттік демалыс» берілетін болды

berdaly_oraz

Түркістан облысында алғаш рет модульді лагерь қолға алынды

Пікір жазу