ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТЫҒЫ: БІР КОДТЫҢ ӨЗІ ҚАРЖЫҢЫЗДАН АЙЫРУЫ МҮМКІН!

Цифрлық технологиялар дамыған сайын интернет арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттер де белең алуда. Алаяқтар азаматтардың сеніміне кіріп, жеке деректерін иемдену немесе ақшасын заңсыз жолмен қолға түсіру үшін түрлі айла-тәсілдерді қолданады.

Қаржылық қауіпсіздікті сақтау үшін мына ережелерді ұмытпаңыз: Белгісіз нөмірлерден келген күмәнді сілтемелерге өтпеңіз. Банк картасының деректерін, құпиясөздер мен SMS арқылы келген растау кодтарын ешкімге бермеңіз. Өзін банк қызметкері, полиция немесе мемлекеттік орган өкілі ретінде таныстырған адамға бірден сенбеңіз. Ақша аудару туралы өтініштерді басқа байланыс арнасы арқылы тексеріңіз. Күмәнді операция байқалса, банкке дереу хабарласып, қажет болған жағдайда картаңызды бұғаттаңыз.

Есіңізде болсын: алаяқтар асықтырып, қорқытып немесе оңай пайдаға кенелуге уәде беріп, адамды ойланбастан әрекет етуге итермелеуі мүмкін.

Сақтық танытыңыз! Жеке деректеріңізді қорғаңыз, күмәнді ұсыныстарға сенбеңіз. Қаржылық қауіпсіздігіңіз – өз қолыңызда!

Ұқсас жаңалықтар

Арыста кешегі айтулы мереке ерекше аталып өтті

«АДАЛ АТА-АНА: ҚАУІПСІЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» ТАҚЫРЫБЫНДА АТА-АНАЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ӨТІНІШТЕРІ МЕН ШАҒЫМДАРЫ ҚАРАЛДЫ