Түркістанның жаңа дизайн коды таныстырылды: қаланың сәулеттік бірегейлігін сақтау көзделуде

 

Түркістан қаласында «Түркістанның дизайн коды» ресми түрде таныстырылып, қала кеңістігін реттеуге арналған негізгі талаптар мен бағыттар жария етілді. Жаңа құжат «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» заң аясында әзірленген және 8 тарау мен 118 тармақшадан тұрады.

Дизайн кодта сәулет және қала құрылысы, сыртқы көрнекі ақпарат, көше жиһазы, қасбеттердің көрінісі, қоршаулар, жарықтандыру мен көше навигациясы жүйелері бойынша нақты талаптар бекітілген. Мақсат — тарихи мұраны сақтай отырып, заманауи әрі бірыңғай сәулеттік стиль қалыптастыру және қала тұрғындары үшін ыңғайлы орта жасау.

Құжат қаладағы ескі және жаңа ғимараттар арасындағы үйлесімділікке, қолжетімді орта құруға, экологиялық және технологиялық шешімдерді ендіруге және нормативтік базаны жаңғыртуға бағытталған. Брифинг барысында спикерлер кодтың заманауи стандарттарға сай екенін және кәсіпкерлер мен тұрғындар үшін маңыздылығын атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан: Түлкібаста заманауи балалар ойын алаңшасы ел игілігіне пайдалануға берілді

Арыстық дарынды оқушылар Стамбулдан жүлдемен оралды

Монтайтаста алаяқтар тұрғындарды 12 миллион теңге қарызға батырды

berdaly_oraz

Пікір жазу