Түркістанда дәрігерлер 4 жасар баланы аман сақтап қалды

Түркістан облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері 4 жастағы балаға ашық түрде урологиялық жолмен күрделі ота жасады, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Аурухананың қабылдау бөлімшесінде дәрігерлер баланы шұғыл диганостикалық тексеруден өткізіп, компьютерлік томографиялық тексеру кезінде сәбидің  несеп жолында бөгде зат тұрып қалғаны анықталған.

Облыстық балалар ауруханасынның  уролог дәрігерлері балаға шұғыл түрде ота жасаған. Операция кезінде бөгде затты хиругиялық жолмен алып тастады.

– «4 жасар бала ұзақ уақыт бойы қиналып жүрген. Іштегі тасты дер кезінде шығармасақ, науқас бүйрек жеткіліксіздігіне шалдығар еді. Сәтті көрсетілген медициналық көмектің нәтижесінде баланың бүйрегін сақтап қалдық. Ең бастысы қазір баланың денсаулығы жақсы», дейді дәрігерлер.

Отадан кейін бала бір апта облыстық балалар ауруханасында дәрігерлердің бақылауында болып, денсаулық жағдайы жақсарған соң үйіне шығарылды.

Ұқсас жаңалықтар

Арыс ауданы: Атамекендік тұрғындардың үміті ақталмады – уәде етілген жарық қосылмады

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖҮК КӨЛІКТЕРІНЕ АРНАЛҒАН 7 ДАНА АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ӨЛШЕУ СТАНЦИЯЛАРЫ ОРНАТЫЛАДЫ

Redaktor Arysinfo

ТҮТІНСІЗ ЖЫЛЫЖАЙ: ТҮРКІСТАНДА ЭКОЛОГИЯ МЕН ТАБЫС ТЕПЕ-ТЕҢДІГІ ІЗДЕЛУДЕ

Redaktor Arysinfo