Сөре мен кассадағы баға сәйкес келмесе, тұтынушы не істеуі керек?

Супермаркеттерде жиі кездесетін заңбұзушылықтардың бірі – тауардың сөредегі бағасы мен кассадағы бағасының сәйкес келмеуі. Қазақстан заңнамасына сәйкес, сатушы тауарды витринада немесе баға жапсырмасында көрсетілген бағамен сатуға міндетті.

«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңның 24-бабына сәйкес, егер кассадағы баға жоғары болып шықса, тұтынушы тауарды сөреде көрсетілген бағамен сатып алуды талап етуге құқылы.

Мұндай талапты орындамаған кәсіпкерлерге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 193-бабының 4-бөлігіне сәйкес айыппұл қарастырылған. Оның мөлшері кәсіпкерлік субъектісінің санатына байланысты белгіленеді.

Егер дүкенде баға көрсетілмесе, сөредегі және кассадағы баға сәйкес келмесе немесе тұтынушының өзге де құқықтары бұзылса, Түркістан облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жүгінуге болады. Өтінішті жедел желі нөмірлері, жазбаша түрде немесе E-Otinish жүйесі арқылы жолдауға мүмкіндік бар.

Мамандар тұтынушыларға мұндай жағдайда кассалық чекті сақтап, қажет болса баға көрсетілген сөрені фотоға түсіріп алуға кеңес береді. Бұл өз құқығыңызды қорғауға көмектеседі.

Ұқсас жаңалықтар

Қоғамдық орындарда бет-жүзін тұмшалап жүретіндерге айыппұл салынады

Redaktor Arysinfo

Түркістанда түркі елдерінің цифрлық даму мәселесіне арналған бейресми саммиті өтеді

berdaly_oraz

Түркістан облысында 134 мың гектардан астам жерде сор шаю жұмыстары аяқталды