Сарыағаш: Арман Абдуллаев кезекті қоғамдық қабылдау өткізді

 

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша кезекті қоғамдық қабылдауын өткізді. Дәстүрлі түрде әр аптаның бейсенбісінде өтетін қабылдау барысында аудан басшысы 13 азаматтың өтінішін тыңдады.

Қабылдау кезінде тұрғындар тұрғын үй кезегі, ауыз су, жол және ағын су мәселелері, кәсіп ашу және өзге де жеке сұрақтар бойынша шағымдарын жеткізді. Арман Абдуллаев әр мәселені жеке қарап, кейбір өтініштерге заң аясында түсіндіру берсе, бірқатарын шешу үшін тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

– Әрбір мәселе кезең-кезеңімен шешіледі. Басты мақсат – тұрғындарға қолайлы жағдай жасау, – деді аудан әкімі.

Сондай-ақ, ол әр тұрғынның өтініші аяқсыз қалмайтынын және бақылауда болатынын атап өтті.

Айта кетейік, Сарыағаш ауданы әкімінің жеке қабылдауына жазылу egov.kz порталы, е-otinish бірыңғай базасы арқылы немесе әкімдікке келіп, жазбаша өтініш беру арқылы жүзеге асырылады.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда алғаш рет бауыр алмастыру отасы сәтті жасалды

berdaly_oraz

Шымкентте тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы челлендж өтті  

САУРАНДА 280 МЫҢ БАСҚА АРНАЛҒАН ҚҰС ФЕРМАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

berdaly_oraz

Пікір жазу