Төлеби ауданында 36 көпбалалы анаға мемлекеттік награда табысталды

Төлеби ауданында 36 көпбалалы анаға мемлекеттік награда табысталды

Төлеби ауданында көпбалалы аналарға құрмет көрсетілді. Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында өткен салтанатты шарада аудан әкімі аппаратының басшысы Амалбек Өміртай аналарды құттықтап, оларға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілерін табыс етті.

«Отан отбасынан басталады» дейді халқымыз. Сіздер елдің демографиясына үлес қосып қана қоймай, ұрпақ тәрбиесінде үлкен еңбек етіп келесіздер. Мемлекеттік марапаттарыңыз құтты болсын!», – деді Амалбек Дәркенұлы.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 28 сәуірдегі №862 Жарлығына сәйкес, аудандағы 36 көпбалалы ана мемлекеттік наградаға ие болды.

Ұқсас жаңалықтар

Сарыағашта магистральды ауыз су желісін жүргізу барысы пысықталды

berdaly_oraz

Түркістан облысының делегациясы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясына қатысты

Түркістанда ҚР Пара пауэрлифтинг федерациясының филиалын ашу мәселесі қаралды

berdaly_oraz